ADAL партиясы мәжіліс депутаттығына 16 кандидаттың құжатын тапсырды

01.12.2020 03:07

Партияның саяси кеңесі арнайы аймақтық карта әзірлеге

Съезд партии Adal / Фото informburo.kz

ADAL партиясының 16 өкілі депутат болғысы келеді. Аталған партия Орталық сайлау комиссиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде елімізге есімі етене таныс тележурналистер, қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер бар. Партияның саяси кеңесі арнайы аймақтық карта әзірлеген. Онда шағын ауылдардың шешімін талап ететін көптеген мәселелері көрсетілген.

«Осы партияның идеологиясы маған өте жақын. Біздің қоғамдық бірлестіктің жұмыстары әлеуметтік жобалар. Қиын жағдайда қалып қалған, жағдайы қиналып жатқан өзіміздің қарапайым  азаматтар. Соның енді мәселелерін күнделікті шешіп жатқанымен, саны көбейіп жатыр», – деді Adal партиясының мүшесі Ләззат Шыңғысбаева.

Теги: сайлау