|
04.10.2022 | 22:27
1118

Кезектен тыс президент сайлауына бір кісідей атсалысуымыз керек – Нұрбақыт Бөкебаев

Кезектен тыс президент сайлауына бір кісідей атсалысуымыз керек – Нұрбақыт Бөкебаев Almaty.tv


Кезектен тыс президент сайлауына тура 48 күн қалды. Алғышқы үш кандидат белгілі болғанымен, біреуі ғана ресми үміткер ретінде тіркелді. Жаһан жұртының көңілі алаңдап, ертеңі бұлыңғыр боп тұрғанда Қазақстан халқына ынтымақ керек. Бір ауыздан сайлауға қатысып, таңдау жасау маңызды. Бұл біздің емес, ұрпағымыздың болашағына таңдауымыз. Almaty.tv тілшісі мәдениет саласының үздігімен тілдескен еді.


«Аумалы-төкпелі заманда Президенттің саясатын қолдап, елімізді ауызбіршілікпен ынтымақтастықта ұстау кез келген қазақстандық азаматтың парызы деп ойлаймын. Кез келген азамат терең ойланып, алдағы өтетін сайлауда бір кісідей атсалысуы керек. Елдің амандығын, балалардың болашағы ойлайтын, осындай үлкен тұрғыда келелі әңгіме айтатын, дуалы ауыздан шыққан тілектерді тыңдайтын жамағат керек. Ауызбіршілік пен ынтымақты жасау кез келген адамның қолынан келетін дүние. Сондықтан біз оны міндетті түрде ұстануымыз керек деп ойлаймын»,  – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир