|
04.10.2022 | 22:37
874

Жанар Айжанова: Кезектен тыс президент сайлауы – тұрақтылығымыздың символы

Жанар Айжанова: Кезектен тыс президент сайлауы – тұрақтылығымыздың символы Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Әлемдегі ахуал сағат сайын өзгеріп, мемлекеттердің теке-тіресі ушығып тұрғанда тұрақтылықтың болғаны маңызды. Сондықтан кезектен тыс президент сайлауы өтіп, нағыз көшбасшы анықталып, бейбітшілікті сақтап қалу қазір біздің міндетіміз. Еліміздің сахна саңлақтары сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, бұл саяси науқанның мәні зор екеннін айтады. Almaty.tv тілшісі жұлдыздардың пікірін біліп келді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанар Айжанова елге ең қажеті тұрақтылық екенін айтады. Президенттің кезектен тыс сайлауы – ол біздің тұрақтылығымыздың символы, дейді әнші.

«Біздің елге тұрақтылық керек. Тұрақтылық болса, ешкімнің бөркі қисаймайды, ешкім таяқ жемейді, болашағымыз да жарқын болады. Яғни, қайғысыз ішкен қара су дейді. Сондықтан дәл қазіргі жағдайда Президенттің кезектен тыс сайлауы ол біздің тұрақтылығымыздың символы, кепілдігі ретінде деп мен қабылдаймын және солай қабылдауға тиіспіз. Өйткені қазіргі заманда біздің елімізді былай алып қарағанда, жан-жаққа көз салыңыздаршы, барлық жақта тұрақсыздық белең алып жатыр. Осындай кезде дұрыс шешім қабылдап, қырық жылға алға қарап, жастарымыздың болашағын ойлап, тұрақтылықты кезектен тыс сайлау болып жатқан кезде мен дұрыс шешім деп қабылдаймын», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанар Айжанова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир