Әнші Бағлан Әбдірайымовтың сайлау жайлы пікірі қандай

05.10.2022 03:57
Almaty.tv

«Әртүрлі пікірді ортаға салып, президентті сайлау керек». Осылай деген әнші Бағлан Әбдірайымов елді ауызбіршілікке шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізгелі жатыр. Сондықтан нық қадам басып, алға мақсат қою үшін сайлаудың өтетіні дұрыс шығар. Алдымен елімізге Президентті сайлап,  келесі қадамдарға көшу керек деп ойлаймын. Ең алдымен ауызбіршілік. Сондықтан әртүрлі пікірді ортаға салып, Президентті сайлау керек.  Осы жүйені бір адамның ақылына сүйене отырып, жүзеге асыру керек»,  – деді «Жігіттер»  квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов.