Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды

12.11.2022 04:12

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқан қаласына барған болатын.

Сол күні Мемлекет басшысы Самарқандағы «Мәңгі қала» кешенінде ұйымдастырылған концертті тамашалап, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.