Бұл сайлаудан үлкен үміт күтемін – Дулат Исабеков

05.10.2022 04:26
turkystan.kz

Осы жолғы сайлау бұрынғыдан өзге болмақ. Үлкен үміт күттіретін науқанға лайықты кандидаттар да келеді. Almaty.tv тілішісі сайлауға қатысты Дулат Исабековтың пікірін білген еді.

«Тағы да сайлаудың алдында тұрмыз. Бұл сайлаудан үлкен үміт күтемін. Демократиялық сайлауды күтемін. Оған түсетін альтернативалар да, анау-мынау емес лайықты адамдар болуға тиіс. Дұрыс өтетін сияқты шамалауымша. Біздің саяси жүйеде бәрін бірден жасау мүмкін емес. Тоқаев қолынан келгенін жасап жатыр. Өткендегі Жолдауда көптеген жақсы дүние айтылды. Осылардың бәрі енді жүзеге асса», – деді жазушы Дулат Исабеков.


Теги: сайлау