Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа корольдігінің премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан экспортының өсу қарқыны импорт өсімінен 4 есеге көп - министрлік