Ақордада Сербия президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

27.02.2026 12:09

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды

Ақорда

Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.

Оқи отырыңыз: Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді