АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жолдады

Фото: Руслан Желдібай\telegram
Фото: Руслан Желдібай\telegram

АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады. АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 2026 жылға шетелдік жұмыс күші квотасы бекітілді

 

Новости партнеров