АҚШ сарапшылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2025 17:47
Almaty.tv

Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті Дэн Уитт Қазақстанды тәуелсіздіктің 34 жылдығымен құттықтады.

"Тәуелсіздіктің 34 жылдығымен құттықтаймын. Мен Қазақстанмен 33 жыл бойы жұмыс істеп келемін, сондықтан Қазақстанның өсіп, жетіліп, дамып, гүлденіп келе жатқанын көру мен үшін үлкен қуаныш және құрмет", — деді Уитт.

Сарапшы мұны президенттің бизнеске ашықтығы мен Қазақстан халқына пайда әкелуге деген ұмтылысымен байланыстырды.

Уиттің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың 5 қарашадағы кездесуі Қазақстан-Америка қарым-қатынасының қайта жандануын білдіреді.

"Мен Американың қайтадан оянғанын және Орталық Азияның біздің сыртқы және экономикалық саясатымыздың маңызды элементі екенін, ал Қазақстан Орталық Азияның дәл жүрегінде орналасқанын баса айтқым келеді", — деді Дэн Уитт.

Оның пікірінше, барлық жолдар Қазақстан арқылы өтеді.

"Сондықтан бізді бірге жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлаймын және менің үкіметім мен президентімнің Орталық Азияның маңыздылығын мойындауға оралғанына өте қуаныштымын. Ал Қазақстан орталығында орналасқан. Тағы да Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 34 жылдығымен құттықтаймын", — деп атап өтті Дэн Уитт.

Ұлттық мүдде орталығының аға ғылыми қызметкері Эндрю Кучинс Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Менің ойымша, біз АҚШ-тың Орталық Азиямен қарым-қатынасы үшін өте қызықты кезеңді бастан кешіріп жатыр. 5 қарашада өткен C5+1 кездесуі үлкен табысқа жетті. Менің ойымша, екі жақты сауда, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында қол қойылған сауда-экономикалық келісімдер шынымен де қызықты", — деп атап өтті Эндрю Кучинс.

Сарапшы ынтымақтастықтың «шын мәнінде алға жылжуға лайық» екенін атап айтты.

"Егер біз коммерциялық қарым-қатынастарды орнатуға және жеке сектормен байланыстарды дамытуға көбірек уақыт бөлсек, мүмкін саясатқа аз араласар едік. Мен Қазақстанды тәуелсіздіктің 34 жылдығын атап өтуімен құттықтаймын; бұл керемет жетістік", — деп қорытындылады Эндрю Кучинс.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күні Алматыда заманауи кітапхана ашылды