Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

13.10.2026 20:01

Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел университеттері арасында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылды

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

Alem.ai. халықаралық орталығында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары жетекшілері бас қосқан іс-шара өтті.

«Білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектінің әсері» тақырыбын арқау еткен жиын интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды.

Пікірталасқа қатысушылар жасанды интеллект технологиялары жоғары білім мен заманауи ғылым саласына қандай өзгеріс әкелетінін егжей-тегжейлі талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы аймақтық хаб, сондай-ақ білім беру, зерттеулер және инновациялар бағытындағы ынтымақтастыққа арналған стратегиялық алаң ретіндегі рөлі қарастырылды.

Академиялық, сондай-ақ білім беру ортасында жасанды интеллект пен оқу машинасын пайдалануға, оқу және оқыту үдерістеріндегі жаңа технологияның ықпалына баса назар аударылды.

Форум аясында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары серіктестігін кеңейту, бірлескен білім беру әрі зерттеу бастамаларын іске қосу, академиялық ұтқырлықты дамыту және жоғары мектептегі цифрлық трансформация салаларында тәжірибе алмасу мәселелері пысықталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел университеттері арасында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылды.

Оқи отырыңыз:Президент пен Бельгия корольдік жұбы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Толық көрсету