Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға сапармен келеді

01.08.2025 10:05

Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізеді

Ақорда

3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовті марапаттады