Дональд Трамп Қазақстанға баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды

Almaty.tv
Almaty.tv

Қазақстан АҚШ-қа экспортталатын тауарлар үшін 25 пайыз кедендік алым төлейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дональд Трамп Қазақстан мен бірқатар елге қатысты кедендік шектеулер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді Қазақстан АҚШ-қа экспортталатын тауарлар үшін 25 пайыз кедендік алым төлейді. Бұл келіссөз жүргізуге берілген соңғы мерзім еді. {10-нан 41 пайызға дейінгі импорттық баж салығы 69 елге енгізіліп отыр. Қазақстанға қатысты құжат бір аптадан кейін күшіне енеді.

Ең жоғары  41 пайыздық мөлшерлеме Сириядан келетін тауарларға қолданылмақ. Ал ең төменгі баж салығы  Ұлыбритания үшін белгілен.  Ақ үй бұл қадамды сауда теңсіздігін реттеуге бағытталған шара деп түсіндірді.

Айта кетейік, Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі бұған дейін жаңа талаптардың экспорттың 95 пайызына әсер етпейтінін хабарлаған. Себебі мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар мен титан секілді негізгі стратегиялық тауарлар бұл тізімге енбеді.

Оқи отырыңыз: Қонаевта екі айда 1,5 миллионнан астам турист келген

 

 

Новости партнеров