Ердоған жаңа Конституция Қазақстан ынтымағын арттыра беретініне сенім білдірді

Ақорда
Ақорда

Сондай-ақ Түркия президенті инвестиция саласында компанияларды ынталандыруды жалғастыратынын жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Режеп Тайип Ердоған республикалық референдумда халық қолдауына ие болған жаңа Конституция Қазақстанның ынтымағын арттыра беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Түркия Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық салада нығайып келе жатқанын айтты.

– Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық.
Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын, – деді Түркия Президенті.

Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Түркия тарапынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Сауда министрі Болат Омер баяндама жасады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланысы күшейіп келеді - Президент

Новости партнеров