Мәртебелі мейманға Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары туралы айтылды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мәртебелі мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді одан әрі жаңғыртуға бағытталған жаңа бастамалары туралы айтылды.
Қырғызстан өкілі мәдениет және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарын бөлісті.
«Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету перспективасы талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді», - делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов Ұлттық орталық музейге барды және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған «Жәмилә» мюзиклін тамашалады.
Оқи отырыңыз: ҰҚШҰ отырысында жаңа Бас хатшы тағайындалды