Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

23.09.2026 17:01
Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады, -  деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

 

Толық көрсету