Мемлекет басшысы Конго президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

15.08.2026 11:57

Қасым-Жомарт Тоқаев достас Конго халқына құт-береке тіледі

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Бүгін қазақ даласын әнімен тербеткен Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Толық көрсету