Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады

09.05.2025 09:42

 Рим Папасы Қазақстанға екі рет сапармен келген болатын

Photo by Fabio Fistarol on Unsplash

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта. 

Президент әртүрлі діни-наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі рет  сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз - Мемлекет басшысы