Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Оқи отырыңыз: Орталық Азия мен Әзербайжан басшылары Шолпан-Ата декларациясына қол қойды