Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

14.05.2026 22:40
Ақорда

Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.