Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айтты

11.08.2026 16:19

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді

Depositphotos.com

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты", - делінген хабарламада. 

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Колумбияда 10 тамызда елдің батысында болған 7,4 балдық жер сілкінісінен кейін ұлттық апат режимі жарияланған.



 

Толық көрсету