Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады
Акорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
– Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, – деп жазды Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45