Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-шы отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласындағы «Ырыс Ордо» конгресс-холлына келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Игі шара өтіп жатқан салтанатты кешенде Қазақстан Президентін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Саммит аясында мемлекет басшылары көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылайды.