Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

31.08.2026 13:05

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындады

Фото: пресс-служба Акорды

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.

Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Толық көрсету