Мемлекет басшысы "Келешек мұрасы" халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

15.11.2025 19:50
Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.

Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды