Президент Сыртқы істер министрінің алдына бірқатар міндет қойды
Акорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды.
Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43