Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға інісі шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге шейх Ахмед Әл Мактумның айтарлықтай үлес қосқанын атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30