Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтаулар келіп түсті

21.02.2026 15:04
Акорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті, - деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Читайте также: Президент Вашингтон қаласында ірі компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесті