Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды
Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды", - делінген хабарламада.
Салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан мен Өзбекстанның кеден саласындағы келісіміне қатысты заңға қол қойды