Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады

19.08.2026 19:31
Ақорда

Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді.

"Испания Королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Қазақстан қазіргідей аса күрделі геосаяси жағдайда бейбіт сыртқы саясат жүргізіп келеді - Президент
 

Толық көрсету