Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

03.11.2026 17:01
Ақорда

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз", – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Толық көрсету