Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговинаның төралқа төрағасын құттықтады

01.03.2026 10:16

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа төрағасын құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады