Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін құптайды

07.03.2026 15:21

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

 

Аlmaty.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Конькимен жүгіру шебері Кристина Шумекова «Парасат» орденімен марапатталды