Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда
Ақорда

Израиль президенті Мемлекет басшысын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.

Қазақстан Президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.

Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасауды тапсырды

Новости партнеров