Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады

01.12.2025 15:30

Президент Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі — Бірігу күнімен құттықтап, румын халқына құт-береке тіледі

Ақорда

Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі — Бірігу күнімен құттықтап, румын халқына құт-береке тіледі.

"Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: алматылықтар спорт түрлерінен бақ сынады