Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

11.04.2026 14:07

Мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады