Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан және Тәжікстан басшылары Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен тәжік халықтарын ғасырлар бойғы достық пен ортақ рухани құндылықтар байланыстыратынын атап өтіп, Қожа Ахмет Ясауи мұрасының маңызына тоқталған еді. Сондай-ақ Эмомали Рахмонды Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Қожа Ахмет Ясауи орденімен марапаттаған болатын.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Тәжікстан президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады