Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан және Тәжікстан басшылары Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен тәжік халықтарын ғасырлар бойғы достық пен ортақ рухани құндылықтар байланыстыратынын атап өтіп, Қожа Ахмет Ясауи мұрасының маңызына тоқталған еді. Сондай-ақ Эмомали Рахмонды Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Қожа Ахмет Ясауи орденімен марапаттаған болатын.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Тәжікстан президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады