Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті келеді

10.05.2026 17:49

15 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді

Ақорда

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Оқи отырыңыз: Ана-мен баланы қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр - Аида Балаева