Қазақстан мен Кения Президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

20.05.2026 15:48

Мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегациялар бірнеше құжат алмасты

Ақорда

Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:  

  • Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасындағы жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін дамыту және ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
  • Кения Президентінің мемлекеттік сапары барысында келесі құжаттарға да қол қойылды:

    • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Кения Республикасының Сыртқы қызмет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
    • «Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
    • «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Kenya Investment Authority арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
    • «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Кения Республикасы Экспортты ілгерілету және брендинг агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

    Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Кения президентіне І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды