Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды

11.04.2026 16:57

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев орталық қызметімен танысты

Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды,  деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығының қызметімен танысты.

Онда тәулік бойы өңірдегі ахуалға, соның ішінде инфрақұрылым жағдайына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, көлік жүйесіне, қауіпсіздік қызметіне және табиғи процестерге бақылау жүргізіледі.

Ахуалдық орталық төтенше оқиғалар кезінде шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп, ықтимал сын-қатерлерге тосқауыл қою үшін жағдайдың өрбуін модельдеуді жүзеге асырады.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді