Мемлекет басшысы VI Фелипе корольге көңіл айтты
Мемлекет басшысы Испания короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.
– Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Оқи отырыңыз: Аза тұту күні жарияланды: Испанияда су тасқынынан 72 адам қаза тапты