Президент Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

12.10.2024 12:37

Мемлекет басшысы Испанияның ұлттық күнімен құттықтады

Акорда

Мемлекет басшысы Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті Испания королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Тамыры – бір, тарихы – ортақ: Президент Түрікменстанда өткен халықаралық форумда сөз сөйледі