Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

26.10.2024 14:15

Мемлекет басшысы Моңғолия президентімен келіссөз жүргізеді

Акорда

28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі», - делінген хабарламада.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентін құттықтады