Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

29.10.2024 09:17

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды

Акорда

Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды