Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барды

04.08.2025 21:02

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды", - деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады