Екі тарап сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
«Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Шу-Сарысу мыс бассейніндегі барлау жұмыстары: Президент инвестормен кездесті