Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты

Акорда
Акорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аталған алаңда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің ұлттық павильондары орналасқан,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Экспозицияларда бауырлас халықтардың ынтымақ-бірлігі мен сан алуан мәдениеті, бай рухани дәстүрі көрініс тапқан.

Қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі дүниесінің ортақ тарихи тамырын бейнелейді. Президенттерге киіз үйдің безендірілуіне арқау болған ежелгі түркі өркениеті, соның ішінде сақтар мұрасы, халқымыздың табиғатпен үйлесімді өмір салты және заманауи

Қазақстанның келбеті жайында мәлімет берілді.

Мемлекеттер басшыларының назарына қазақ халқының дәстүрлі саятшылық өнерін паш ететін «Сақ аңшысы» мүсіндік композициясы ұсынылды.

Сондай-ақ мәртебелі меймандарға көне түркі жазба мәдениетінен мол мағлұмат беретін Орхон ескерткіштері көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясына ағаш егу рәсіміне қатысты