Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.
Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады", – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты