Мемлекет басшысы қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

27.09.2026 11:50
Акорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
  • Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
  • Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
  • Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
  • Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
  • Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

  • Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  • Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  • Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Айдос Мырзахметовты Қорғаныс министрі қызметіне тағайындады

Толық көрсету